ТикТок әлеуметтік желісінде әнші Әбдіжаппар Әлқожаға қатысты видео тарады деп жазады Democrat.kz.
Видеода Әбдіжаппардың жас қызға ерекше ықылас білдіріп, тіпті қапсыра құшақтап, құлағына әлдене деп сыбырлағаны байқалады.
Видеоға қатысты жұрттың пікірі екіге жарылды. Бір тарап "өзінің әйелі ғой" десе, қарсы тарап "бұлардың бәрінде тоқал бар екен де" деп сөгуде.