Әйелдерге арналған танымал ипотека қайта іске қосылмақ: Шарттары қандай?

Әйелдерге арналған танымал ипотека қайта іске қосылмақ: Шарттары қандай?

«Отбасы банк» АҚ тамыз айының соңына дейін әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасын қайта іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы ұйымының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп жазады Democrat.kz.

Оның айтуынша, бағдарлама алдағы екі апта ішінде іске қосылады деп күтілуде. Бұл ретте бағдарлама бойынша азаматтың меншігіндегі жылжымайтын мүлік санына шектеу қойылмайды.

Бағдарламаға қатысудың негізгі шарты — «Отбасы банкте» қолданыстағы депозиттің болуы және оның жинақталу мерзімі.

Аталған өнімге сұраныстың жоғары екені атап өтілді. Осыған байланысты банк депозитті алдын ала ашуға кеңес береді.

Бағдарлама Азия даму банкімен бірлесіп жүзеге асырылады және гендерлік теңдік қағидаттарын ілгерілетуге, сондай-ақ әйелдердің баспанаға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.

Барлық жаңалықтар