Айтыскер Оразалының қызы ерекше естелігімен бөлісті

Айтыскер Оразалының қызы ерекше естелігімен бөлісті

Танымал продюсер Серік Аббас Шах парақшасында атақты айтыскер, ақын Оразалы Досбосыновтың қызының естелігін жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Папамды мамамнан да қатты жақсы көрдім. Айтысқа кетіп бара жатса, аяғына оралып, жылап жібермейтінмін. Ол да мені қатты еркелететін.

Мамам өмірінің соңына дейін асығыс жүрді. Қайда барса да асығып барып, асығып қайтатын. Барлық тірлігін лезде бітіргісі келген сияқты. Көп уақытын өз отбасына арнады.

Нұрсұлтан екеуміз көбіне мектеп-интернатта болдық. Інім Ерқанатты кішкентай болғандықтан ба, көп еркелетті.

Қайтыс болатынынан бір күн бұрын үйде болдық. Күн демалыс еді. Бәріміз бірге отырғанда мамам «Кетуім керек. Тойға шақырып жатыр» деді. Бірақ өзі жолға шыққысы келген жоқ. «Бармай-ақ қояйын ба, не істесем екен?» деп ойланып отырғанда, алып кететін көлік келіп қалды.

Біз саябақта жүргенде мамам қайта-қайта телефон шалды. Әрбір бес минут сайын «не істеп жатырсыңдар. Ерқанат жылап жатқан жоқ па, тамақ бердіңдер ме?» деп қадағалаумен болды.

Әпкем арасында «маған сенбейсің бе?» деп ренжіді. Кешкісін «таң ата келіп қаламын» деп тағы хабарласты. Таңертең тұрсақ, ешкім жоқ. Кешігіп жатқан болар деп сабаққа кетіп қалдық.

Сәлден кейін директорымыз Ақан ағай мен Абзал ағай екеуі бізді үйге алып келді. Не себепті әкеле жатқанын білмедік. Тек «үйлеріңді тексеруге келе жатырмыз» деді.

Бірақ біртүрлі күдіктендім. Жүрегім жаманшылық сезгендей болды. «Директор үйді не үшін тексереді? Мұғалімдер балалардың үйін тексеруші ме еді?» деп ойладым.

Не де болса, үйге барған соң білетін шығармын деп үндемедім. Әпкем алдымыздан жылап шыққанда бәрін түсіндім. 

Мамамның қазасынан кейін ауылға кеттік.

Бірде түс көрдім. Папам, мамам, бәріміз бірге шай ішіп, сөйлесіп отырмыз. Інілерім көрінбейді. Ата-анамның не айтып жатқандары түсініксіз. Дауыстары еміс-еміс шығады. Сөйтіп, жатып оянып кеттім" деп еске алады Нұрайша Оразалықызы.

Барлық жаңалықтар