Танымал заңгер, құқыққорғаушы Ләззат Рақышева кеше ғана тағайындалған вице-президент Ерлан Қаринге қатысты бір кездері әкесінің айтқан болжамдарының дәл келгенін айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында: "Әкемнің айтқаны айдай келген күн !
Әкем — 40 жыл қаламын қолынан түсірмей, журналистика мен әдебиеттің ыстық-суығына шыңдалған майталман журналист болатын. Мұқағали мен Шәмшінің көзін көрген, қаншама академик пен бүгінгі танымал журналистерге жол сілтеген абыз ұстаз еді. Өмірлік тәжірибесі мол адамның кімнің кім екенін ажырататын сұңқар жанары да ерекше еді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын әкем: «Осы бала бір жерден шығады, болашағы зор» деп, ол кезде жас саясаттанушы Ерлан Кариннің өте жас еді, оның әрбір мақаласын қалт жібермей оқып отыратын. Оның терең талдауларына, елдік мәселелердегі пайым-парасатына сүйсініп, кейін елдің амандығы үшін жасалған күрделі гуманитарлық «Жусан» операциясы туралы кітабын да ерекше ықыласпен парақтағаны есімде.
Дана әкемнің айтқаны айдай келді. Уақыт өз төрелігін беріп, сол кездегі жас сарапшы, саясаттанушы @erlankarin2019 Ерлан Карин бүгінде елдің саяси сахнасындағы салмақты, парасатты тұлға екенін дәлелдеді. Мемлекеттік кеңесшілік пен мемлекеттік аппараттағы жылдар бойғы жауапты қызметтерден кейін, ол Қазақстан Республикасының Вице-Президенті лауазымына тағайындалды.
Бұл жай ғана мансаптық өсу емес. Бұл ұзақ жылғы еңбектің, саяси кемелділік пен Бұл жай ғана мансаптық өсу емес. Бұл ұзақ жылғы еңбектің, саяси кемелділік пен елге деген адалдықтың заңды нәтижесі.
Арқалы ағалардың көзін көріп, сөзін тыңдаған аға буын журналистердің болжамы ешқашан алдамайды. Әкемнің сол кездегі сөзі бүгін ақиқатқа айналып, көрегендігін тағы бір дәлелдеп отыр", - деп жазды Ләззат Рақышева.