Белгілі заңгер Ләззат Рақышева өзіне келген хаттардың бірін жариялап, ел ішінде болып жатқан келесі сұмдықты жариялады деп жазады Democrat.kz.
Хаттың мазмұнынан түсінгеніміз, қайтыс болған досының қызына әкесінің қарызын "басқаша жолмен" қайтаруды сұраған еркектің титтей қызға хат жазған.
“Папаның досы, бір жағдайларға байланысты қарыз болып қалдық бұл кісіге, енді менің личкама шығып “ақшалай емес басқаша шешейік”.. дейді . Папа қайтыс болды, мамаға айтайын десем итак проблемасы жетеді. Мына идиоттан қалай құтылатынымды білмим”
Өзіне келген бұл хатқа қатысты заңгер "Қалай ғана өлген досының қызына осылай айтуға болады??
Адамдар не болып барады өзі?
Қиын жағдайда қалған отбасын пайдалану — еркектік пе?
Қарыз болса, оны заңмен, адамша шешу керек қой.
Ал ар-ұятты ұмытып, әлсізді қысымға алу , қоғамды қайда апарады?"дейді.