Танымал актер, Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабарды жеткізіп, басындағы қайғысымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Әкешім... Бүгін өмірімдегі ең ауыр күн болды…
Әкем бұл дүниемен қоштасты.
Бұл қасіретті сөзді жазудың өзі қандай ауыр екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Артымнан тірек болған, ақылын айтып, дұғасымен қорған болған асқар тауымнан айырылдым.
Алланың жазуына разымыз. «Расында, біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз».
Баршаңыздан әкемнің рухына дұға жасауларыңызды сұраймын. Алла Тағала күнәларын кешіріп, қабірін кең етіп, нұрға бөлесін. Жәннаттың ең жоғары дәрежелерінен орын нәсіп етсін.
Әке, Алла сізді рақымына бөлесін. Сізді ешқашан ұмытпаймыз", - деп жазды Дархан Мұсаев.