"Әлі білмейді" деген Гүлзира ханым Қайраттан жасырған құпиясын ашып қойды

"Әлі білмейді" деген Гүлзира ханым Қайраттан жасырған құпиясын ашып қойды

Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова өзінің журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында бүгінге дейін баласына айтпаған бір құпиясы туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты жұлдыз ету үшін аянбай тер төккенін айтып: "Қайраттың әр сахнаға шығу образдарының бәрін өзім жасаймын. 

Сахнаға жарқ етіп, ерекше образбен шыққан әнші көрерменнің көңілінде ұзақ сақталады. Сол себепті Қайраттың әрбір киімі мен кіиіміндегі ерекшеліктерге қатты мән беремін. 

Мұнан бөлек, Қайраттың айтатын өлеңдерінің сөздеріне де қатты мән беремін. Әншінің айтқан әндері тыңдарманның есінде бірден жатталуы керек. Кейде ән жаздырып әкелеміз. Бірақ сөздері онша емес, ұйқасы нашар, мағынасыз болып жатады. 

Сондайда әннің сөздерін өзгертіп, Қайратқа беремін. Бүгінге дейін Қайрат айтқан әндердің бәрін өңдеп, өзім ұйқастырып сөздерін қосып, түзетіп беріп жүрмін. Мұны әлі күнге дейін Қайрат білмейді де", - деді. 

Барлық жаңалықтар