Алмазбек Атамбаевтың отбасында қаралы жағдай болды

Алмазбек Атамбаевтың отбасында қаралы жағдай болды

 Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың туған әпкесі Айнұр Шаршеновна туған жері – Арашан ауылында ақтық сапарға шығарып салынды, деп хабарлайды Democrat.kz.

Қоштасу рәсіміне марқұмның туған-туыстары, жақындары, ауыл тұрғындары, достары мен оны жақсы таныған азаматтар қатысты. Жиналған жұрт Айнұр Шаршеновнаның өмір жолын еске алып, оның адамгершілік қасиеттері мен елге сіңірген еңбегі туралы жылы лебіздерін білдірді.

Nazarnews.org мәліметінше, марқұм туған ауылының тұрғындары арасында зор құрметке ие болған. Оны білетіндердің айтуынша, Айнұр Шаршеновна қарапайым мінезді, көпшілікке қол ұшын созуға әрдайым дайын, мейірімді жан ретінде есте қалған.

Қоштасу рәсімінде сөз алғандар оның кеңпейілділігі, кішіпейілдігі және адамдарға деген ерекше жанашырлығы жайында айтып, жарқын бейнесі туған-туыстары мен ауылдастарының жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді.

Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға келген көпшілік оның ғибратты ғұмыры мен ізгі ісін құрметпен еске алып, отбасына көңіл айтты.

Барлық жаңалықтар