Амалбек Тшанов қазіргі шенеуніктерді өткір сынап, сұхбат берді

Амалбек Тшанов қазіргі шенеуніктерді өткір сынап, сұхбат берді

Мемлекет және қоғам қайраткері, экс-министр әрі облыс әкімі Амалбек Тшанов  қазіргі билік жүйесіндегі әкімдер мен министрлердің жауапкершілігіне қатысты өткір пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.


«Жас Алаш» газетіне берген сұхбатында ол халықтың өзі сайлаған басшы мен партиялық тізім арқылы келген депутаттың арасы жер мен көктей. Халықтан тікелей мандат алған адам елдің мәселесін ашық айтуға міндетті, ал партиялық жүйе тәуелсіз пікір айтуға мүмкіндік бермейді.

Тшанов қазіргі әкімдер мен министрлердің басты кемшілігі – жауапкершіліктен қашу, жалған уәде мен сылдыр сөзге үйір болу деп есептейді.
«Біз қызметте жүргенде “ертең, арғы күні” деп созбайтынбыз. Қазір көп шенеунік халықты құрғақ уәдемен алдап жүр», - дейді ол.

Сондай-ақ экс-әкім министрлер мен депутаттардың мемлекеттік тілді меңгермей-ақ стратегиялық салаларды басқаруына қынжылады.
«Өз тілін, менталитетін білмейтін министрлер отыр. Осындайда зығырданым қайнайды», - деді ол.

Оның сөзінше, реформалардың көбі ғылыми негізсіз жасалады, ал министрлер ауысқан сайын бағдарламалар да бірге ауысады.

Бұл бюджет қаржысының тиімсіз жұмсалуына әкеліп отыр.

Амалбек Тшановтың пікірінше, елді алға сүйрейтін басты шарт әкімдер мен министрлердің жеке жауапкершілігі, ашық есеп беруі және халықпен шынайы диалог.

Барлық жаңалықтар