"Анамды құшақтап жыладым": Дариға Бадықова халықтан сүйінші сұрады

"Анамды құшақтап жыладым": Дариға Бадықова халықтан сүйінші сұрады

Актриса Дариға Бадықова оқырмандарынан сүйінші сұрап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"ЫСТЫҚ ҰЯМЫЗ МЛРД ЖИНАДЫ.

“Бауырыма көлік сыйладым”, “Бір үйден 10-15 адам келдік”, “Анамды құшақтап жыладым”, “Бауырыммен қауыштым”….көөөп шынайы неше-түрлі хаттар толастамай күнде келді. Сторисқа үзбей шығарып отырдым. Куәсіздер!

Ыстық Ұя — жәй фильм емес. Бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсінші, жүректер қозғалсыншы деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ. МИССИЯ ОРЫНДАЛДЫ.

Халық өзі реклама жасаған халықтың киносы болды, рас. Сондықтан млрд касса, бұл - халықтың фильміне халықтың берген бағасы деп білем.
Әр көрерменге алғысым шексіз"деп жазды актриса. 

Барлық жаңалықтар