Әнші Мейрамбек Беспаевтың достары өтірігін шығарып, артын ашып жіберді

Әнші Мейрамбек Беспаевтың достары өтірігін шығарып, артын ашып жіберді

МузАрт тобының әншісі Мейрамбек Беспаевтың өтірік айтқан сәті жұртты күлкіге қарық қылды деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода Мейрамбек Беспаев өзін сыныптас достары қалай мазақ етеді деген сұраққа: "Мені аса ештеңе деп айтпаған, мазақ етпеген. "Бозторғай" дейтін", деп жауап береді. 

Алайда Мейрамбек Беспаевтың сыныптастары оны кезінде "Бесаяқ", "ангина болып, мойнын орап жүретін", "гастрольден босамай, көп кететін" деп сөз еткендерін, мазақтайтындарын жасырмады. 

Жұрт бұл видеоға армансыз күлісіп, "керемет шығыпты" десуде. 

Барлық жаңалықтар