Әзілкеш Арман Жаналиевке сұхбат берген әнші Нұрлан Еспановтың әйеліне қарым қатынасы, студиядағы өзін ұстауы көрерменнің көзіне "қатты батты" ма, бірі әнші туралы сұмдық дүниені жайып салды деп жазады Democrat.kz.
Сұхбат барысында Нұрлан Еспановтың әйеліне деген қарым қатынасы расымен де көзге қораш көрінеді. Әр сөзінде әйелін нұсқап "мынау" деп сөйлеуі, әйелінің әңгімеге араласпауы, араласса да, өз ойын дұрыстап жеткізе алмауы қатты байқалады.
Мұнан бөлек, Нұрлан Еспанов отбасына, әйеліне қаншалықты адал екенін барынша айтуға тырысатыны бар.
Осы сөздері жақпаса керек, бір оқырман осы видеоның астына: "Нурлан агамыз бир подругама 4 айфон, шуба, ай сайын миллиондап берген гой"деп пікір қалдырды.
Жұрт бұл пікірге қатысты аса үлкен реакция білдіре қоймады. Бәлкім, әншінің ондай әдетінен хабардар ма екен, белгісіз. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)
