Әлеуметтік желіде топырлаған жұрттың қолпаштауымен жерде жайылған төсекке кірген еркек пен әйелдің қылығы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Видеодан құдалық секілді әлдебір тойдың көрінісін байқауға болады. Шуласқан жұрт жерде жайылған төсекке еркек пен әйелдің бірге жатуын сұрайды.
Жердегі төсекке жатуға ыңғайланған екеудің бірі әнші Қайрат Нұртастың шешесі, ал бірі әкесі.
Бұл қандай ырым, қандай дәстүр? Қазақта мынадай дүние бар ма?
Видеоға қатысты пікір жазушылардың бірі "бұрыннан бар салтымыз" десе, енді бірі "қазақта мұндай салт жоқ" дейді.
Қалай десек те, көзге ерсі көрінетін мынадай "салтты" жұртқа танымал кісілердің орындап жатқаны біраз ыңғайсыз сияқты, қалай ойлайсыз?
Сонымен қатар Гүлзира ханым мен Нұртас мырзаға қатысты жұрт төмендегідей пікір жазуда.




