МузАрт тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің жас қызбен бірге түскен суреті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Суретті жариялаған @shik_cosmetolog парақшасының иесі "Сәкен менің ағам, суретке ағаммен түстім" деп бастапқыда жұрттың пікіріне жауап беріп отырды.
Десе де, жұрт Сәкенмен құшақтасып суретке түскен қызды әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман деп, пікірді қарша боратып жазуда.
"Мынау Тұрсынбектің Айманы ма, ендігі кезек Сәкендікі", "мұндай фотоны көруге қорқатын болдық", "ағаң болса, неге мынадай сезімге толы ән қойып қойғансың", "Сәкеннің әйелінен подкаст күтейік", "бәрі солай аға деуден басталады" дегенге саятын пікір жазғандар күдіктерін де жасырмауда.
Дайындаған Хақназар САДЫРХАН.




