Танымал әнші Төреғали Төреәлі өзінің өңірлерде өткен концертінің бірінде басынан өткен оқиғаларын айтып, елге беймәлім жағдайларын жария етті деп жазады Democrat.kz.
"Өздеріңіз әбден еркелеттіңіздер ғой...талай нәрсе өтті ғой бастан. Сахнаға шықпағаны ма жеті жыл болыпты.
Өздеріңізбен бір сырласып...мен Кеген ауданының қызына үйлендім, білесіздер. Сол үйленген соң, гастроль деп жүріп, Толқынның үйіне бес жылдан кейін бардым.
Бір күні Толқынға арнап "Толқыным" әніне клип түсіретін, Шарын шатқалында деп сол жаққа бардым. Ұрып-соғу деген де болды ғой, білесіздер...
Сол Көлсай да жүріп...Талдардың абақтысында бір күн жаттым. Артынша Кегеннің түрмесінде бір күн жаттым. Бабаларымыздың абақты дегенін сонда көрдім. Бір өзім жаттым. Далада қасқыр ұлып...қатты қорыққаным бар.
Шыққан соң Толқынға хабарласып, жағдайды айтсам: "Қайын жұртқа бармаған жылдарыңызбен Құдай жазасын беріпті ғой" деді" деп жұртты күлдірген Төреғали осы күніне шүкір айтты.