Мөлдір Мұқанованың дебютті туындысына түскен Ақерке Арыс киноға қатысты сын айтқан Бақыт Тұрманға қарымта қайтарды, деп жазады Democrat.kz.
«Сын айтқыштарға айтарым, су ішкен құдықтарыңа өте қатты түкіреді екенсіңдер. Кішкене болса да адамгершілік деген болу керек қой», – деді Ақерке Арыс.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбектің театрында өнер көрсеткен Қайрат Әділгерейдің әйелі Мөлдір Мұқанованың киносына қарасты сын айтқан болатын. Онда ол киноның Мөлдір берген сұхбат негізінде түсірілгенін жеткізе отырып, актерлік құрамның нашарлығын алға тартқан еді.