"Ақша жоқ, қоңыз теріп жүрміз" деген Дариға Бадықова тағы бір шындығын айтты

"Ақша жоқ, қоңыз теріп жүрміз" деген Дариға Бадықова тағы бір шындығын айтты

Қазақстандық актриса Дариға Бадықова өзінің кезекті сұхбатында ұстазы, белгілі режиссер Болат Атабаев туралы әсерлі естеліктерімен бөлісіп, қоғамдағы рухани құндылықтар жайында пікір айтты деп жазады Democrat.kz.

Журналист Қанат Тілеуханға берген сұхбатында Дариға Бадықова Болат Атабаев шәкірттеріне тек актерлік шеберлікті ғана емес, азаматтық ұстаным мен еркін ойлаудың маңызын да үйреткен.

Дариға Бадықова ұстазының әрқашан шындықты айтудан қорықпайтын тұлға болғанын атап өтті. Оның пікірінше, өнер адамы қоғамдағы мәселелерге бейжай қарамауы керек.

"Болат Атабаев асүйдің, диванның батыры емес еді. "Жаңаөзен оқиғасы" кезінде "Лавинаны" сахналадық. Содан түскен ақшаны түкел жаңаөзендіктерге аудардық. Өзімізде ақша жоқ, қоңыз теріп жүрміз. Соған қарамастан, Болат Атабаевтың қолындағысын бере салатын осындай жомарттығы бар еді", деген Дариға Бадықова ұстазынан үйренген ерекше қасиеттерге тоқталды. 

Сұхбат барысында актриса қазіргі қоғамдағы қарым-қатынас, мәдениет және адамгершілік құндылықтар тақырыбына да тоқталды. Ол қоғамның дамуы әр адамның ішкі мәдениеті мен жауапкершілігіне байланысты екенін айтты.

Актрисаның бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Көпшілік Болат Атабаевтың қазақ мәдениеті мен театр өнеріндегі орны ерекше екенін айтып, Дария Бадықованың ойларын қолдаған.

Желі қолданушыларының пікірінше, мұндай сұхбаттар қоғамдағы маңызды мәселелерге назар аудартып, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтар туралы ойлануға мүмкіндік береді.

Барлық жаңалықтар