Ақын Бақыт Беделханның әжесін «атып» кетті

Ақын Бақыт Беделханның әжесін «атып» кетті

Бұл туралы журналист Қанат Тілеухан әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Democrat.kz.

Ақынның ескіліктің көзін көрген қарттардың қолында өскенін тілге тиек еткен Тілеухан: «Бақыт ағаның әжесі жүзден асқанда дүниеден өтіпті. Ағайын, дос-жаран, құрбы-құрдастар келіп көңіл айтады. Содан бір досы келіп: «Бақыт, әжең кеше ғана аман-есен жүр еді, қалай осылай боп қалды?» – деп көңіл білдіріпті. Бір уақытта әлгі жолдасы қайта айналып келіп, «дені сау еді ғой, не болды?» – деп тағы сұрапты. Үшінші рет келгенде Бақыт ағам «Әжемді атып кетті» деген екен. 

Содан жаназа басталып, қарызы бар-жоғы айтылып жатады ғой, сол кезде имам тұрып «ғасырдан аса өмір сүрді, бұл кісінікі той десе де болады» депті. Сонда ақын «Почти қыз ұзату ғой» деген екен...

Барлық жаңалықтар