Бұрын сотты болған актер Асқар Жұмабек тағы да даудың ортасында қалды. Бұл жолы оны әріптесі, модель Айнұр Нарзиева «күш көрсетпек болды» деп айыптады. Оқиға 20 наурыз күні түсірілім алаңында орын алған деп жазады Democrat.kz. сайты kerekemes.kz.-ке сілтеме жасап.
Модельдің айыптауы: «Мені ұрмақшы болды»
Айнұр Нарзиеваның айтуынша, жанжал актерді ұйқысынан ояту мәселесінен шыққан. Түсірілім таңғы сағат 10:00-ге жоспарланған соң, Асқар әріптесінен өзін ерте оятуды өтінген.
Қамқорлық па, әлде кедергі ме? Нарзиева өз міндетіне кірмесе де, актер кешігіп қалмасын деген ниетпен оны 08:30-дан бастап бірнеше рет қоңырау шалып оятқан.
-Жанжалдың басталуы: Сағат 09:55-те түсірілімге келген Асқар Жұмабек оны ерте оятқанына наразылық білдіріп, ашуланған. Модельдің «бұл бірінші рет емес қой» деген сөзінен кейін актер агрессия көрсетіп, физикалық күш қолдануға әрекеттенген. Нарзиеваны әріптестері арашалап қалған.
Актердің жауабы: «Боқтағаным рас, бірақ екі жақ та кінәлі»
Шулы оқиғаға қатысты Асқар Жұмабек те үнсіз қалмай, өз нұсқасын ұсынды. Ол жанжал болғанын мойындағанымен, өзін қорғауға тырысты:
«Конфликт болғаны рас, боқтағаным рас. Бірақ бетіме қарап мені боқтап тұрған адамға үндемей қала алмаймын, табиғатым сондай! Мені оятып жіберші дегенім жай ғана өтініш еді. Мен де адам баласымын, ол қызға ешқандай жаман ойым не ниетім жоқ. Бәрін Аллаға тапсырдым»,-деді актер.
Актердің өткені Асқар Жұмабектің бұл алғашқы дауы емес:
- Бұрынғы ісі: Ол Алматыдағы мейрамханалардың бірінде белгілі кәсіпкерлердің ұлдарымен төбелескені үшін 6,5 жылға сотталған болатын.
- Бостандыққа шығуы: Алайда бір жылдан соң сот жазаның қалған бөлігін айыппұлмен ауыстырып, ол мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан еді.
Бұл жаңа оқиға актердің қоғам алдындағы имиджіне тағы да соққы болып тиіп отыр.