Кеше қазақстандықтар бір дәуірдің ұлы тұлғасы, абыз ақсақал, талантты актер Асанәлі Әшімовті қара жердің қойнына тапсырды деп жазады Democrat.kz.
Қаралы жиында марқұмды еске алғандардың бірі ақын Бақыт Беделхан актер Асанәлі Әшімов туралы ерекше естелігімен бөлісті.
"Менің бұ дүниедегі қатарым аз қалды, о дүниедегі қатарластарым көп. Ешкімді әуреге салмай, өзім де қиналмай, ұйықтап кетсем деп армандайтын.
Тура сол арманына жетті. Тілегін құдай берген адам. Қазақ мұны "ақ өлім" дейді.Абыз жасқа келіп, алты Алаштың алақанында тұрып, ақ өліммен кету кез келгенге бұйыра бермейді"деді ақын Бақыт Беделхан.