Қазақ кино өнерінің шоқ жұлдызы, марқұм Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова жолдасының ең соңғы минуттары туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.
"Үш минут...Соңғы үш минутқа дейін сөйлеп отырды. "Белім ауырып тұр. Кеудеме ауруы беріп тұр, біраз жатайыншы"деді.
Жатқан соң, "басымды көтерші" деді, көтердім. "Тағы да көтерші"деді, көтердім. Болды...көзін жұма салды. Өзі де білмей қалды.
Ол кетіп қаламын деп ойлаған жоқ. Жасанды дем бердік, жүрегіне массаж жасадық.Бірақ...үш минутта кете барды", дейді Бағдат Әшімова.