Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов білім беру саласына қатысты ең тиімсіз, әрі ең қисынсыз заң қабылданғанын айтып, өкінішін білдірді деп жазады Democrat.kz.
“Бүгін білім беру саласына байланысты ең тиімсіз әрі ең қисынсыз шешімдердің бірі қабылданды. Сенаттан кеткен заң жобасын біз бірнеше рет талқыладық. Кәдімгідей пікірталас болды. Бірақ сол кездегі пікірталаста айтылған аргументтерді ескермей, сарапшылардың айтқанын тыңдамай, үн-түнсіз 4 млн баланың тағдырына негативті түрде тікелей әсер ететін тиімсіз шешім қабылданды. Мектептерді, балабақшаларды, сондағы барлық саясатты облыс әкімдерінің құзіреттілігінен алып, аудандық әкімдерге беру!” – деп мәлімдеді Асхат Аймағамбетов.