Астанада қалаған тамағыңды жеп, ұнатқан өміріңді сүру үшін қанша теңге қажет?

Астанада қалаған тамағыңды жеп, ұнатқан өміріңді сүру үшін қанша теңге қажет?

Астанада тұратын кей азаматтар алатын жалақыларының қанша бөлігінің тек қана азық-түлікке қанша теңге жұмсайтындарын айтып, өзара әлеуметтік жағдайларын салыстырып, таңғалысты деп жазады Democrat.kz. 

"Астанада аптасына 50 мың теңгеге "продукты" аламыз. Сонда айына примерно 180-200 мың теңге кетеді 3 адамдық отбасыға. Нормально ма?)

Үйден тамақтанамыз, 3 күндік рациондар жасаймын. Күйеуіме профцит, ал маған дефицит калорий жасаймын. Қызым "садикте" көбіне тамақтанады, ал былай үйде "пп" тәттілер, субпродукты үнемі тұрады алып жей береді"деп жазды Шахметова Перизат. 

Бұл жазбаға қатысты басқа астаналық отбасы иелері өздері туралы айтып, пікір жазуда.

"Біздің де 3 баламыз бар. Ет алуға көбіне ақшамыз жете бермейді. Егер соғым алсақ, бір қыста 650 мың теңгедей кетеді. Тапқан ақшамыздың жартысынан көбі тек тамаққа кетеді", "тек жеміс жидекке 10 мың теңге. 3-4 күнге жетеді. 4 адамбыз үйде. Балаларымыз 5 и 1.5 жаста", "50 мың теңге көп пе, нақтысын айта алмаймын , бірақ сүреттеріңізге қарағанда шетелдік өнімдерді жиі пайдаланатын сияқтысыздар.

Ал олар отандық өнімдерге қарағанда қымбатырақ(мысалы простоквашино қаймағы, сүт өнімдері, барилла макарондары)

Біз шапағат базарынан аламыз, және отандық өнімді сатып алғанды жөн көреміз, ол базарда мына суреттегі заттардың отандық аналогы бар, ал бағасы өте қолжетімді.

Магнум , арбуз желілеріне тек базардан таппағанда ,немесе жеңілдіктер болып жатқанда ғана жүгінеміз", "күйеуіміз екеуіміз ғана тұрамыз, айына тек тамаққа 200-250 мың теңге кетеді. Меніңше, Астана үшін бұл қалыпты деп ойлаймын".

Алматыда бір айлық тамаққа шағын отбасылар қанша теңге жұмсауы мүмкін, сіз қалай ойлайсыз? 

Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ

Барлық жаңалықтар