Ата Заң күніне орай жұлдыздар концерт өткізеді

 Ата Заң күніне орай жұлдыздар концерт өткізеді

Астана әкімдігі Амфитеатрда «Ата заң – азат елдің арқауы» атты концерт өткізеді, деп хабарлайды Democrat.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жаcап.

Концерт 29 тамыз күні кешкі сағат 19:00-де басталады. Дереккөз бұл концерт жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятуға бағытталады дейді.

«Мерекелік концертте елге танымал эстрада жұлдыздары Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева, DOS тобы, Медет Салықов пен Клара Төленбаева, Зарина Божакова, Нұрбол Балапанов, Тұрар Төлеутай және Мәди Сыздық өнер көрсетіп, елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Кештің хедлайнері – ALEM», - деп хабарлайды әкімдік.

Барлық жаңалықтар