"Атырауда жоғалған отбасы": Күдікті күйеубалаға қатысты тың дерек шықты

"Атырауда жоғалған отбасы": Күдікті күйеубалаға қатысты тың дерек шықты

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесін асқан қатыгездікпен өлтіру бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жетті. Қылмыстық оқиғаның басты күдіктісі ретінде аты аталған Сұлтан Сәрсемалиевтің соты таяу күндері басталады деп жазады Democrat.kz. 

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті Сұлтан Сарсемалиев төрт адамды өлтіргенін толық мойындаған. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Екі немесе одан да көп адамды өлтіру») бойынша айып тағылып отыр.

 Сонымен қатар, ол қылмыс жасағаннан кейін марқұмдардың мал-мүлкін сатып, банктік карталарындағы ақшаны жымқырғаны үшін «Ұрлық» және «Алаяқтық» баптары бойынша да жауап береді.

  • Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады.

  • Төрағалық етуші — Зарема Хамидуллина.

  •  Алғашқы сот отырысы 2026 жылғы 18 мамырда сағат 11:00-ге тағайындалды.

  • Сот процесі ашық режимде өтеді.

Қазіргі уақытта айыпталушы тергеу изоляторында отыр. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырғандықтан, жұртшылық соттан әділ әрі қатаң үкім күтеді.

Барлық жаңалықтар