Танымал журналист Руслан Өтепбай Атырауда жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің өліміне күдікті ретінде танылған Сұлтан Сәрсемалиевтің анасынан пікір алды, деп жазады Democrat.kz.
Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа қызметке орналасқанын айтып, алғашқы бағдарламасын Атыраудағы резонансты оқиғаға арнағанын мәлімдеді.
Жарияланған бейнежазбада күдіктінің анасы көпшілікке үн қатып, көзіне жас алып сөйледі.
«Жасағанын мойнына алсын. Қолымен істеді ме? Онда соны мойнына алсыншы деп өтінемін», – деді Сұлтан Сәрсемалиевтің анасы.
Оның бұл сөзі қоғамда түрлі пікір туғызып, іс төңірегіндегі талқылауды одан әрі күшейтті.