Атырауда жоғалған отбасы: Тағы бір сұмдық дерек шықты

Атырауда жоғалған отбасы: Тағы бір сұмдық дерек шықты

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Democrat.kz.

Қоғамды алаңдатқан бұл оқиғаға байланысты арнайы зерттеу жүргізген журналист Руслан Өтепбай марқұм Мақсот Қарабалиннің інісі Шалқар Мұқанғалиевпен сұхбаттасып, отбасының соңғы уақыттағы өміріне қатысты маңызды жайттарды анықтаған.

Оның айтуынша, 2025 жылдың қыс айларында Наурыз көбіне Атырауда болып, қарындасы Ақбаянға қолдау көрсеткен.

«2025 жылдың қысқы уақытында Наурыз көбінесе Атырауда болды. Қарындасы Ақбаянға қарайласып жүрді. Ақбаян жүктілік кезінде қолқасына салқын тиіп, ауруханаға түсіп қалған. Содан кейін комада, реанимацияда жатып, денсаулығына ауыр болып, әлсіреп, ақыл-есінен жоғалатындай жағдайға жетіп қалды. Соны қарайласып, жұмысқа да шықпай, Ақбаянға қарайласып жүрді. Тамағын, дәрісін беріп қарады. Бұл 2025 жылы болған оқиға. Күйеуі Сұлтан жұмыс істейтін», – деді Шалқар Мұқанғалиев.

Атырау облысындағы із-түссіз жоғалу оқиғасы қоғам назарында қалып отыр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, ал марқұм Мақсот Қарабалиннің туыстары болған жайттың толық ақиқаты ашылады деп үміттенеді.

Барлық жаңалықтар