Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы туралы күн сайын бір сұмдық дерек шығуда. Қанды қылмыстың басты күдіктісі ретінде Сұлтан Сәрсемәлиев ұсталғаны мәлім. Сұлтанның әкесі баласына қатысты өз шындығын айтты деп жазады Democrat.kz.
Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі Самиғолла баласының мынадай сұмдық қылмысты жасағанына сенбейді. Airan.kz. арнасының журналисімен сұхбат барысында Самиғолла Сәрсемәлиев: "Айтылмай жатқан сұмдық жоқ. "Бәрін күйеубаласы жасаған"деп. Мен анадай сұмдық қылмысты бір кісі, Сұлтан жасайды дегенге сене алмаймын.
Қой бауыздауды білмейтін Сұлтан мынадай қылмысқа қалай барады деп ойлаймын. Мынау деген кәдімгі кәсіби маньяктың жасайтын ісі ғой!? Салқынқандылықпен адамды өлтіріп, бәрін көміп, оны жасырып...Ол адамдар көшедегі кісілер емес, өзінің қайын ата, енесі. Мына сұмдыққа қалай сенерімізді білмейміз" деп, айтарға сөз таппағанын жасырмады.