Атыраулық блогер Мөлдір Мұқанды "жаман өтірікші екен" деп масқарасын шығарды

Атыраулық блогер Мөлдір Мұқанды "жаман өтірікші екен" деп масқарасын шығарды

Әнші Мөлдір Мұқан Атырау қаласында өткен шарадан кейін жариялаған видеосына байланысты сынның астында қалды. Бұған атыраулық блогердің әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болды деп жазады Democrat.kz.

 

Өнер иесі Атырауда өткен кештен соң видео жариялап, онда жанкүйерлерінен алған гүлдерін көрсеткен. Бейнежазбаның соңында әнші есік алдына «біреу қалдырып кеткендей» болып тұрған гүлдерге назар аударып, «Атырау мені таңғалдырудан жалықпайды» деген жазба қалдырған.

 

Алайда кейін белгілі болғандай, аталған гүлдерді Мөлдір Мұқанға белгісіз адам емес, оның басқа бір жанкүйері арнайы табыстаған. Осы жайтты алға тартқан атыраулық блогер әншінің әрекетін сынға алып, оны шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратты деп айыптады.

 

«Мөлдір Атыраудың кішкентай қала екенін ұмытып кеткен сияқты», — деп жазды блогер.

 

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, кейбірі әншіні қолдаса, енді біреулері оның әрекетін орынсыз деп бағалауда.

Барлық жаңалықтар