"Нысана" тобының актері Абай Аязбаев әлеуметтік желіде видео жариялап, жұртты таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.
Парақшасында жариялаған видеосында Абай Аязбаев көзінен жасы тамған әйелінің көз жасын қасықпен сүзіп алып, микроскопқа зерттеуге қояды.
Актердің бұл видеода айтқысы келгені әйелдер не үшін жылайды деген сауалға жауап ретінде түсірілген әзіл видео, әрине.
Әлгі микроскопта әйел алтын, бриллиант, ақша, айфон, тон алғысы келіп жылайды деген "жауап" шығады.
Десек те, жұрт Абайдың видеосынан гөрі әйелін алғаш рет көріп, таңдай қақты. "Әйелі өте сұлу екен", "әйелінің мынадай әдемі екенін білмеппіз", "жылатпаңыз мынадай сұлу әйелді" дескен пікір жазуда.