Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тоқалының суретінің астына пікір жазып, жұртты шулатты

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов тоқалының суретінің астына пікір жазып, жұртты шулатты

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың Айман Талғатқызының суретінің астына қалдырған бір ауыз пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік әзілкештің «Сағатымды таппай жүрсем, сен тағып кетіпсің ғой» деген сөзін екіұшты қабылдап, отбасылық қарым-қатынасқа қатысты түрлі пікір білдірді, деп жазады Democrat.kz.

Айман Талғатқызы әлеуметтік желідегі парақшасына фотосессиядан бірнеше сурет жариялаған. Сол жазбаның астына Тұрсынбек Қабатов:

«Сағатымды таппай жүрсем, сен тағып кетіпсің ғой», — деп пікір қалдырған. 

Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушыларының назары суреттен гөрі осы бір ауыз сөзге ауған.

Біреулер Тұрсынбектің пікірін жай әзіл, еркелету деп қабылдаса, енді бірі оның Айманмен арадағы қарым-қатынасын көпшілікке ашық көрсеткені деп бағалаған.

Жазбаны бөліскен Threads қолданушысы да:

«Тұрсынбек смело коммент қалдыра беретін болған ба?» — деп мысқыл аралас сұрақ қойған.

Пікірлерде де осы сарындағы ойлар басым.

«Енді жасыратын ештеңе қалмаған сияқты», «Бұрын мұндайды ашық жазбайтын еді», «Қазір өзі де еркін сөйлей бастаған», «Бұл жай әзіл болса да, жұрт бәрібір басқа мағына іздейді» деген мазмұндағы пікірлер айтылған.

Тағы бір топ қолданушы:

«Екі адамның арасына сырттан баға берудің қажеті жоқ», «Өздері түсінісіп жүрсе, жұрттың шаруасы қанша?» деген пікір білдірген.

Тұрсынбек Қабатовтың жеке өміріне қатысты әңгімелер бұған дейін де қоғам назарынан түспеген. Сондықтан оның кез келген ашық пікірі әлеуметтік желіде бірден талқыға түсіп кетеді.

Бұл жолы да бір ғана сағат туралы әзіл жұрттың назарына ілігіп, отбасылық қарым-қатынас туралы жаңа әңгімеге түрткі болды.

Барлық жаңалықтар