Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісіп, жұрттан сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz.
Дархан Мұсаев "құрметті көрермен, менде қуанышты жаңалық! Алдағы уақытта киномыздың бірінші моторы басылады. Оның бәрін осы желідегі парақшамда бөлісіп отыратын боламын" деп видео жариялады.
Әйтсе де, актердің қуанышты жаңалығы кейбіреулерге жақпай қалса керек, "сенің киноң шыққанша, Трамп киноға санкция салатын болды ғой", "қандай мотор, узет пе", "Дариға келді ме?", "сіз маған мүлде ұнамайсыз", "тек отчет әйтеуір", "түрі не болып кеткен" дегенге саятын пікір жазуда.