"Бадықованың фильмі түкке алғысыз арзан манипуляция" дейді тиктокер

"Бадықованың фильмі түкке алғысыз арзан манипуляция" дейді тиктокер

Дариға Бадықованың жуырда жарық көрген «Ыстық ұя» атты фильмін тамашалағандардың көпшілікке көруге кеңес беріп жатқаны бар. Алайда, көрерменді селт еткізген туынды Anarik¬_fonarik есімді тикток қолданушысына жақпай қалды, деп жазды Democrat.kz.


«Қазақтар арасында манипуляциямен өмір сүру мықты тема. Режиссерлер оны күшті пайдаланады. Себебі, Қазақстанның тоқсан пайыздан астамы әлі сол оймен өмір сүреді. Сондықтан осындай фильмдер өтеді. Айтпағым, біз қашан саналы тарихи кинолар түсіреміз. Біздің тема төсек пен қазан ошақтан ауқымды тақырыпқа қашан өтеді», – деді туындыны тұнып тұрған  манипуляцияға балаған көрермен.

 

Барлық жаңалықтар