Қазақстанның Халық әртісі, әйгілі актер Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова "Хабар" агенттігі тілшісіне берген сұхбатында актерге қатысты бір тылсым оқиғаны баяндады деп жазады Democrat.kz.
Бағдат Әшімованың айтуынша, Асанәлі Әшімов күнделіктерінің бірінде тылсымға толы ерекше жазба қалдырған.
"2022 жылы 7 айдың 12 күні жазыпты: "Жүріс аяңдаған сияқты. Түсімде құлағыма 88 деген дауыс келді. Оған төрт жыл қалды" деп жазыпты", – дейді актердің жары Асекеңнің күнделігіндегі жазбасы туралы.
Еске салайық, Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында дүниеден өтті.