Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекова туралы ұятты шындықты жайып салды

Баян Алагөзова Мөлдір Әуелбекова туралы ұятты шындықты жайып салды

"Кешью" тобының мерейтойы қарсаңында берген сұхбаттың жалғасында продюсер Баян Алагөзова топтың бұрынғы солисі Мөлдір Әуелбекова туралы ел білмейтін барлық сұмдық пен шындықты жайып салды деп жазады Democrat.kz.

Кешью" тобының бұрынғы әншісі Мөлдір Әуелбекованың жасаған нашар тірліктеріне қатысты продюсер Баян Алагөзова: "Мөлдір кастингке келген күні қысқа шортымен келген қыз еді. Ал кейін "Баян бізді шешінуге мәжбүрледі" деп шықты. 

"Ұстазым, ұстазым" деп өтірік күлуден шаршамайтын Мөлдір Әуелбековаға үнемі "сенің фальш бейнең әйтеуір бір ашылады, керегі жоқ олай етудің" деп үнемі ескертетінмін. 

Мөлдірдің қысқа шортымен келгенін бүкіл қыздар да дәлелдей алады. Оның ашық киім киетінін ешкім жасырмайды да. 

Мөлдір менен қажеттерін өтірік, фальш әрекеттерімен сорып алып, былайғы жұртқа "мен өзім Мөлдір болдым" деп беті бүлк етпей өтірік сөйлеп жүр. 

Мөлдір өзінің масқара болып кеткен күнінен кейін мені кездесуге шақырды. Әбден жүдеп, тозып кеткен. Менен кешірім сұрап, қайтадан алуға өтініш жасады. 

Кейінірек "Кешьюға" қайта келген Мөлдір имитация жасауға көшті. Баянауылға барғанымызда "қан қысымым көтерілді" деп алдады. Ал дәрігер ешқандай қан қысымы көтерілмегенін растады. Біздің концертті бұзу үшін біраз тірлік жасады...Мұнан басқа да екіжүзділік әрекеттері аз болмады. Ақырында Мөлдірге "бірге жұмыс істей алмаймыз" дедім. 

Бәрінен де бұрын бес жыл бойы оны тәрбиелеп, баптаған ұстазы Бағымның асын ішіп отырып, қандай сатқындық жасады. Бағымның үйінде тіпті "пропискасын" да тіркеткен қыз еді. 

Бес жыл бойы өзіне сондай қамқорлық жасаған Бағымның арқасынан пышақ сұққандай сатқындық жасады. Бұл туралы айтқым да келмейді, айтпаймын да. Бағым оны кешірдім дегенімен күні бүгінге дейін жанына түскен жарасын емдетумен жүр..."деген Баян Алагөзова тағы бір сұмдықың шетін шығарды. 

"Стамбулда жүргенімде, Мейрамбек Беспаев хабарласты. Мейрамбек Мөлдірмен жерлес, жақын достар. "Баян, қойсаңшы, ол менің жерлесім, қарындасым" деп хабарласты. 

Мейрамбекті жақсы көремін, құрметтеймін. Бірақ оған "Мөлдір жарты жолдан тастамай, уәдесі бойынша жұмысын атқарсын" дедім. Мейрамбек "жақсы, ол барады" деді. Бірақ Мөлдір келгенімен, "мені түсімеңдер, макияжым жоқ" деп, бетін жауып, не сәлем жоқ, не басқа жоқ көлігіне отырып кетіп қалады. 

Мейрамбек Беспаев ағасы, жерлесі өтініп еді. Ағасы, жерлесінің өтінішін сыйламаған Мөлдірді "Паразит" фильмінің үзінділеріне қарап отырып, шынайы бейнесін сол фильмдегі кейіпкерлердің бойынан көрдім", дейді Баян Алагөзова. 

Барлық жаңалықтар