Алтыншы сыныптың екі оқушысы он бір жастағы балаға интимді жерлерін күштеп сүйгізіп, жалатқан. Оқиға Қырғыз елінің Шу облысында болған деп жазады Democrat.kz.
Жергілікті тұрғынның айтуынша, 25 наурызда алтыншы сынып оқушыларының екеуі 11 жасар балаға түрлі қорлау әрекеттерін жасап, видеоға түсірген.
Ата-аналар екі күннен кейін не болғанын біліп, полицияға жүгінді.
Оның айтуынша, учаскелік полиция келуге уәде берген, бірақ келмеген, содан кейін отбасы Шу АІІБ-ге өз бетінше барып, өтініш жазуға мәжбүр болған.
Оқушының анасы тергеушілерді міндеттерін дұрыс орындамады және іс бойынша заңсыз шешім қабылдады деп айыптауда.
Облыс басшысы Элкинбек Әшірбаев қайта өтініш қабылдауды және қосымша тексеру жүргізуді тапсырды.
Шу АІІБ қылмыстық іс қозғалмағанын түсіндірді, өйткені оқиғаға болжамды қатысушылар қылмыстық жауапкершілік жасына — 14 жасқа толмаған.
Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған, кәмелетке толмағандардың өздері ЖТҚ-да есепке қойылды және онлайн-оқытуға ауыстырылды.
Полицияның мәліметінше, оқиға 25 наурыз күні кешке Искра ауылындағы мешіттің жанында салынып жатқан үйде болған.