ТикТок әлеуметтік желісінде тараған бұл видео көпшілікті сүйсінтті деп жазады Democrat.kz.
Видеода үйіне келін түсіріп жатқан кісіге қызы "келін қай жақтыкі, кімнің қызы екенін білесіз бе?" Деп сұрайды.
Ештеңеден хабарсыз әлгі кісі білмейтінін айтады. "Құдаңыз сіздің бала күннен бергі досыңыз. Сырласыңыз. Сіз ол адамды өте жақсы танисыз"деген қызының сөзіне ойланып қалған әкесі құдасының өзінің ең жақын досы екенін естігенде, қуанған сәті жүздеген мың кісіні сүйсінтті.