Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасында өмірден өткен аяулы жанды еске алып, әсерлі жазба жариялады, деп жазады Democrat.kz.
Өнер иесі марқұмды иманды, қарапайым әрі жүрегі мейірімге толы жан ретінде еске алған. Оның сөзінше, сол кісімен араласқан жылдары шариғат жолын тереңірек түсініп, адамға деген қамқорлық пен мейірімнің қадірін сезінген.
«Жақсы адамның сипаты – қарапайымдылық деп ойлаушы едім. Ал ең бай адам – жүрегінде Құдайы бар адам екенін сізден көрдім», – деп жазды әнші.
Нұрғали Нүсіпжанов марқұмның туған күніне орай Құран бағыштап, сағынышын дұғамен жеткізгенін айтты.
«Сағынышымызды сабырға жеңдіріп, туған күніңіздің құрметіне Құран бағыштадық, көз жасымызды дұғаға айналдырдық», – деді өнер иесі.
"Жас кеудесі құса мен мұңға толған Жадыра: "Бақытым ата-анаммен бірге бақиға кеткен сияқты" дейді" деген фото-жазбасын бөліскен Нұрғали Нүсіпжановтың оқырмандары басу айтып, "қасында сіздей асқар тауы бар Жадыра қайғыға беріле бермесін" дегендей пікірлер жазуда.