Бас неге ауырады және оны қалай емдеген дұрыс?: Білікті дәрігер жауап берді

Бас неге ауырады және оны қалай емдеген дұрыс?: Білікті дәрігер жауап берді

Бас ауруы негізінде күрделі тақырып саналады, және оның себебі мен алдын алу жолдары әлі зерттелуде. Бірақ ғалымдар ауырсынуды жеңілдетуге бірнеше маңызды шаралар ұсынады деп жазады Democrat.kz. popsci.com-ға сілтеме жасап.

Жалпы ауру жайлы және оны емдеу туралы америкалық невролог маманы - Кэтрин Кобб-Питстик айтқан болатын.

Ауру процессі 

Жалпы бастың ауруы миға әсері жоқ - себебі ми мүлде ауырсынуды сезінбейді. Адамның жүйке талшықтары бір-бірімен электр сигналдары арқылы тілдеседі. Мидың өзінде мұндай жүйке талшықтары болмағандықтан, оның сыртындағы қорғаныш қабаты бүкіл ауыртпалықты өзіне алады. Осы аталған қабат қандайда бір cоққыны, я болмаса жарақатты сезінсе, миға электр сигналымен хабар жібертіп, "басты ауыртады".

Ауыру себебі

Көбіне баста пайда болатын ауырсыну сезімі дененің стрессте екенін хабарлайтын белгі саналады. Стресс бас пен мойыннның жүйке мен қан тамырларына химиялық және физикалық өзгерістер тудырады. Нәтижесінде бас ауырады.

Ауырсынудың алдын алу жолдары

Жеткілікті мөлшерде су ішу, кофеинді азайту сияқты қарапайым қағидалар жайлы ғалымдар жиі жазады. Арнайы дәрі-дәрмектер де қатты ауырсынуды басады, бірақ оларды қабылдауға көбіне дәрігердің нұсқаулығы қажет. Оған қоса дене жаттығулар, ішкі оймен жұмыс жасау да жақсы нәтиже көрсетеді. Алайда бастың жиі ауыруы ағзадағы үлкен проблемадан болуы ықтимал, мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.

 

Аударып, дайындаған: Амина МИСИР

Барлық жаңалықтар