"Басынан бір тепсе": Асанәлі Әшімовтің жаназасындағы біртүрлі жағдайлар жаға ұстатты

"Басынан бір тепсе": Асанәлі Әшімовтің жаназасындағы біртүрлі жағдайлар жаға ұстатты

Жамбасы қара жерге тиген ұлы актер Асанәлі Әшімовтің жаназасын әлеуметтік желіде тараған фото, видеолардан көрген былайғы жұрт еріксіз жаға ұстады деп жазады Democrat.kz. 

Қазақта "жаназаға он кісі жылап келеді, он кісі сынап келеді" дейтін сөз бар. Қазақтың кино өнерінің майталманы, абыз ақсақал Асанәлі Әшімовтің жаназасы да сыншыл көздерден тыс қалмады. 

Тыс қалуы мүмкін де емес еді. Танымал тұлғалардың көбі жаназада шошаңдатып телефондарын ктеріп, шауып жүргенін желіде тараған фото,видеолардан анық көруге болады. 

Жаназада түсірілген фото, видеолар әлеуметтік желіде толассыз тарап жатыр әлі де. 

Марқұм актердің денесін алып шықпас бұрын жігіттер кезекпен қолдарында қызыл матаға салып, әлденені алып өтті. 

Артынан абыз ақсақалдың табыты келе жатқанда, біреулер қол шапалақтап, енді бірі күліп жатты. 

Жаназаға келгендер корейлер секілді қолдарына ақ лента байлап алғаны да ерсі көрінді. 

 "1 адам шапалақтады. 2 табыты итерді. 3 әйел адам күлді. Үш түрлі қылық. Элементарно жаназада өзін қалай ұстау керек, білмейді...Асаналі ата иманды болыңыз"деп жазған желі қолданушылар ұлы адамның жаназасының бұлай өткеніне өкініш білдіріп жатыр

Дайындаған Хақназар САДЫРХАН.

Барлық жаңалықтар