"Бейопаға жеттің бе?": Марқұм Шахановты жоқтаған Тұңғышбай Жаманқұловтың жазбасы көзге жас үйірді

"Бейопаға жеттің бе?": Марқұм Шахановты жоқтаған Тұңғышбай Жаманқұловтың жазбасы көзге жас үйірді

Қазақстан халық жазушысы, атақты ақын Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов арда азаматты жоқтап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Ей артық туған асыл ер, нағыз Азамат... Шындық үшін шырылдап қана емес, айқайлап өткен атпал жүректі, жолбарыс текті жанкешті!!!

 Сен де өттің бе, жалғандық жайлаған алдамшы өмірден... Әділет іздеп кеттің бе, ол шіркіннің Жоғарыда да жоқ екеніне көзің жетіп, енді өзің аңсаған Сана Биігінен орын таптың ба?...

Арсыға өттің бе, Бейопаға жеттің бе?... Шығыстың жеті жұлдыз шоғырына сегізінші боп қатарларынан орын тептің бе?... Қош, соры қалың қазақтың қадірі артық шыншыл Шайыры... Бақұл бол..."деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов.

Барлық жаңалықтар