Бекболат Тілеухан: "5-6 жылға дейін ұйқымнан жылап оянып жүрдім"

Бекболат Тілеухан: "5-6 жылға дейін ұйқымнан жылап оянып жүрдім"

Белгілі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында діндар Бекболат Тілеухан елді елең еткізре басындағы ерекше жағдайы туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Бекболат Тілеухан балалық шағы туралы айта келіп: "Мен үйдің кенжесі болдым. Содан болса керек, бетімнен қақпай, еркелетіп өсірді. 

Әкем мен анамның мейірім, махаббатына тойынып, шомылып өстім. әкем қайтқанда, студент болатынмын. Ал анам өмірден өткенде 41 жаста едім. Соған қарамастан, өзімді жетім қалғандай, қатты жаман сезіндім. 

Айтуға ыңғайсыз да шығар...бірақ анам қайтқан соң 5-6 жылға дейін ұйқымнан жылап оянатынмын. кәдімгідей анамның иісі мұрныма келіп, содан жылап оянатынмын", - деп, еске алды. 

 

Барлық жаңалықтар