Бергей Рысқалиев парақшасында астарлы жазба жариялады

Бергей Рысқалиев парақшасында астарлы жазба жариялады

Кезінде Атырау облысын басқарған Бергей Рысқалиев әлеуметтік желіден қысқа және астарлы бір жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Инстаграмда "Бергей Рысқалиевтың ван парақшасы" деген атаумен ашылған парақшадан Бергей Рысқалиевтің фотосымен "Тәжірибе бар, мақсат айқын. 
Біз болдық, біз бармыз, біз боламыз..." Деген жазба жарияға шықты. 

Жазбаның астына жазылған пікірлердің басым бөлігі экс әкімді елге шақырулар мен оған деген разылықтарын білдірген тілектерге толды. 

Тіпті кей кісілер Бергей Рысқалиевті "вице президент" болуға да шақырып жатыр. 

Барлық жаңалықтар