Білдей бір мектеп Жазира мен Жанболатты құда болуларымен құттықтап, масқара болды

Білдей бір мектеп Жазира мен Жанболатты құда болуларымен құттықтап, масқара болды

Әлеуметтік желіде "Зияткерім" мектебінің ресми парақшасынан Жанболат пен Жазираны ұлдарының тойымен және құда болуларымен құттықтаған жазба жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.

Threads желісіндегі ziyatkerimschool парақшасында: 

"Мектебіміздің ата-анасы Жанболат мырза мен Жазира ханымның құда-құдағи болғанына, шәкіртіміз Дараның жеңгелі болғанына қуаныштымыз. Қазбек пен Асылыға ұзақ, бақытты ғұмыр тілейміз!  

Бұл күнді Жанболат мырза мен Жазира ханым бір жағынан үлкен толғаныспен, екінші жағынан асыға күткенін жақсы білеміз. Жаңа шаңырақ иелері елге үлгілі отбасы болсын деп тілейік"деген жазба жарияланды. 
 
Білдей бір мектептің парақшасында жарияланған бұл жазбаға қатысты жұрт "кринж", "осы мектеп жазатын нәрсе ме еді?", "не масқара мынау?", "менің сіңлім де осы мектепте оқиды, жеңгелі болды. Оны да құттықтамайсыздар ма?", "білім ордасы деген атқа лайық болмайсыздар ма?" Дегенге саятын пікірлер жазып, "Зияткерім" жеке мектебін сын тезіне алды. 
 
Барлық жаңалықтар