Білім саласындағы кей жаңалықтарды депутат қатаң сынға алды

Білім саласындағы кей жаңалықтарды депутат қатаң сынға алды

Мектеп бағдарламасындағы тұрақты өзгерістер, шығармаларды қайта енгізу төңірегіндегі даулар және бағалау жүйесіне қатысты пікірталастар Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова тарапынан қатаң сынға ұшырады деп жазады Democrat.kz.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген ол білім беру стандарттары шенеуніктердің қалауына емес, жан-жақты талдау мен зерттеуге негізделуі тиіс екенін мәлімдеді.

Мектептерге дәстүрлі мазмұндама мен шығарма жазуды қайтарудың орындылығы туралы пікір білдірген депутат қазіргі оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы төмендегенін мойындады. Алайда ол Білім министрлігін асығыс шешім қабылдамауға шақырып, оқытудың заманауи тәсілдерінің маңызын еске салды.

«Әрине, балалар көркем шығармаларды бұрынғыдан аз оқиды, бұл белгілі мәселе. Мазмұндама мен шығарма жазу пайдалы. Бірақ қазіргі таңда эссе жазу сияқты жаңа бағыттар да бар, олардың да маңызы зор. Қазір қайсысы маңызды әрі пайдалы екенін мұқият қарастыру қажет. Бұл Оқу-ағарту министрлігінің жай ғана эмоциялық шешімі болмауы керек», – деп атап өтті Ирина Смирнова.

Барлық жаңалықтар