"Білмей өз қарындасымен төсектес болған": Тектанушы ең сұмдық жағдайды айтып берді

"Білмей өз қарындасымен төсектес болған": Тектанушы ең сұмдық жағдайды айтып берді

Журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында тектанушы Әлия Сағымбаева жеті атаға қатысты ең маңызды дүниелерді айтты деп жазады Democrat.kz.

Тектанушы Әлия Сағымбаева өзі көзімен көрген бірнеше сұмдық оқиға туралы айтып, жұрт жаға ұстады. 

"Үйленген екі жас өзінің руын білмегендіктен, сұмдық жағдайлар болғанын көзіммен көргенмін. Өзінің туған қарындасымен шыққан тегін білмегені үшін жатып қойғандарды білемін. 

Төрт, бес сондай оқиғаны білемін. Әкесі кезінде ажырасып кеткен. Содан туған балаларын бөліп алып кеткен. Жиырма жылдан кейін үйленген екі жастың тойына келген әкесі қалыңдық пен күйеубаланың өз балалары екенін білген. 

Ал өз қарындасымен үйленіп, төсектес болған қалыңдық пен жігіт екеуі де өздеріне қол жұмсап, қайтыс болды. 

Қазақ сол себепті қандай жағдай болса да, шыққан тегін, руын түгел біліп жүру керегін айтады", деген тектанушы Әлия Сағымбаева мұндай масқара жағдай аз болмағанын айтады. 

Желі қолданушылар бұл видеоны көріп, жаға ұстап, "сақ болған дұрыс", "сұмдық қой", "өз руласыңмен төсектес болу трагедия ғой" дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар