"Бір шешімге келдім" деген актер мәлімдеме жасады

"Бір шешімге келдім" деген актер мәлімдеме жасады

Актер Асқар Жұмабеков әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше уақыттан бері дау тудырып жатқан мәселеге қатысты соңғы сөзін айтты деп жазады Democrat.kz.

Айта кетейік, актер жақында Айнұр Нәрзиева деген қызға қол көтермек болды деген айыппен он тәулікке қамалған болатын.

Түрмеден шыққан соң да актер "мен жазықсызбын" деп, өзіне жала жапқан қызды жауапқа тартқызбақ ниетін жеткізген еді.

Осыған қатысты Асқар Жұмабек желідегі парақшасында: "Ойлана келе бір шешімге келдім , сіздердің барлық жазғандарыңызды оқыдым көрдім! Ит мені тістеді екен деп , менде барып итті тістесем , менің ол иттен айырмашылығым не ? 

Бәрін Бір Жаратқанға тапсырдым , осымен бұл жағдайды өзім үшін жаптым . 
Даттаған жандарғада мақтаған жандарғада рахмет .
Аман жүріңіздер Қазақ халқы", деп соңғы сөзін жазды. 

Барлық жаңалықтар