Блогер болжамы: "Майра Мелдебекова, Қаныбек Жұмашев қызметтерінен айырылуы мүмкін"

Блогер болжамы: "Майра Мелдебекова, Қаныбек Жұмашев қызметтерінен айырылуы мүмкін"
 Белгілі блогер Сафуан Жолай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы уақытта Оқу ағарту министрлігіндегі кімдердің қызметтен кететініне болжам жасап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz. 
 
Өз жазбасында белсенді педагогтардың қазіргі әрекетін сынға алған Сафуан Жолай: "Аймағамбетов министр кезінде жасақтаған «Белсенді педагогтер» тобы бүгінгі күні Оқу-ағарту министрлігінің кадр мәселесіне тікелей араласып кеткен сияқты...
 
Фейсбуктегі жазбасына қарасақ, Республикалық «Дарын» орталығының директоры Гаджембек Тұрсынов қызметімен қош айтысыпты....
 
Қоғамдық кеңестің мүшесі Тлекқабыл Нурышевтың жазбасын сараласақ, келесі кезекте Қаныбек Жұмашев пен Майра Мелдебекова орнын босатады-ау...
 
Босатпаса, ақпараттық шабуыл ұйымдастырылуы да, мүмкін.
 
Бұл ретте, ақпараттық шабуыл жасауды Аймағамбетовтың командасы шебер меңгерген...
«Дарын» орталығының басшысынан қандай кінәрат табылды екен?" деп жазды
Барлық жаңалықтар