Блогер Рысбала Икрамбайға тықыр таяды: Бүкіл тапқан ақшасына тексеру жүргізілмек

Блогер Рысбала Икрамбайға тықыр таяды: Бүкіл тапқан ақшасына тексеру жүргізілмек

Блогер Рысбала Икрамбайдың қайырымдылыққа деп бүгінге дейін халықтан жинаған ақшаларының есебі түгел тексерілмек деп жазады Democrat.kz.

Бұл туралы Рысбаланың өзі әлеуметтік желіде хабарлады. 

"Жасаған жақсылықты түсінбейсіңдер. Анау ма, мынау ма деп шұқыланып жүріп, армандарыңа жетіңдер. 

Таңертең үйіме арнайы өкіл келіп, атқарған жұмыстарымды тексеретіндерін айтып, шақырту қағазын беріп кетті" деді Рысбала Икрамбай. 

Рысбаланың бұл видеосының астына жұрт түрлі пікір жазуда. Бір тарап блогерді қолдайтындарын айтса, енді бір тарап "сайқал күлкісінің астында үлкен қорқыныш жатыр", "қорқа бастағаны байқалады", "дұрыс, тексерсін, есеп берсін" дегенге саятын пікір жазуда. 

 

Барлық жаңалықтар