«Бұл- отбасын қолдан ойрандау» дейді ақын Бақыт Беделхан 

«Бұл- отбасын қолдан ойрандау» дейді ақын Бақыт Беделхан 

Белгілі ақын Бақыт Беделхан журналист Қанат Тілеуханға берген сұхбатында әйелдердің өзгеруіне билік пен психологтарды кінәлады, деп жазады Democrat.kz.

«Олар «күң емессің, енең де, атаң да саған ешкім емес» дейді. «Өмірге бір-ақ рет келген соң неге дұрыс өмір сүрмейсің?! Нені қалайсың, солай өмір сүр» дейді.

Қазақтың қасиетті қарашаңырағын ұстаған әйелдер мына заманда өздері әрең жүргенде, рахат болды. Шынжырынан босаған ит сияқты бәрі гу ете қалды. Соның кесір-кесапаты тиіп жатыр.

Мен деген эгоны миына екті. Оның үстіне біздің билік отбасылық заң шығарып, оған мүмкіндік жасап берді. Әйелге ұрысқан, ұрған еркек жауапқа тартылады деп, оларды одан сайын құтыртты.

Бұл қазақ отбасын саналы түрде қолдан ойрандау, отасүйгіштікен тап-таза айыру, бірлік-ынтымақтың тамырына балта шабу», – деп ойын түйіндеді.

 

Барлық жаңалықтар